29.11.2018 |
![]() |
2019 жылы сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру жөніндегі ұсынымдарды бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 1-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2019 жылы сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру жөніндегі ұсынымдар (бұдан әрі - ұсынымдар) бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
3. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық сайлау комиссиялары ақпаратты ұсынымдардың 3-қосымшасына сәйкес сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру үшін мәліметтерді тиісті мәслихаттарға ұсынғаннан кейін үш күн мерзімнің ішінде Орталық сайлау комиссиясына жіберсін.
4. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астаналық, аудандық және қалалық мәслихаттар сайлау комиссияларының құрамын қалыптастырғаннан кейін 30 күннен аспайтын мерзімде ұсынымдардың 7-қосымшасына сәйкес сайлау комиссияларының құрамдары туралы мәліметтердің Орталық сайлау комиссиясына берілуін қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Хатшы м.а. Л. Сүлеймен
Астана қаласы,
2018 жылғы 29 қараша
№ 22/215