23.11.2018 |
![]() |
2018 жылғы 9 желтоқсандағы Армения Республикасы Ұлттық Жиналысы депутаттарының сайлауына ТМД байқаушылар Миссиясының құрамында Қазақстан Республикасынан жіберілетін байқаушылар тізімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағының 54) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2018 жылғы 9 желтоқсандағы Армения Республикасы Ұлттық Жиналысы депутаттарының сайлауына ТМД байқаушылар Миссиясының құрамында Қазақстан Республикасынан жіберілетін байқаушылардың қоса беріліп отырған тізімі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы міндетін атқарушы К. Петров
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы С. Мұстафина
Астана қаласы,
2018 жылғы 23 қараша
№ 21/214