10.10.2018 |
![]() |
Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында оның орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы міндетін атқарушы К. Петров
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы міндетін атқарушы Б. Мелдешов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар министрі
_____________ Д. Абаев
2018 жылғы «__» _________
Астана қаласы,
2018 жылғы 25 тамыз
№ 12/198