18.10.2018 |
![]() |
2018 жылғы 28 қазандағы Грузия Президентінің сайлауына Қазақстан Республикасынан жіберілетін байқаушылар тізімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағының 54-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2018 жылғы 28 қазандағы Грузия Президентінің сайлауына Қазақстан Республикасынан жіберілетін байқаушылардың қоса беріліп отырған тізімі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ресми баспа басылымында – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Ақпараттық бюллетенінде жариялансын.
Төраға Б. Имашев
Хатшы С. Мұстафина
Астана қаласы,
2018 жылғы 15 қазан
№ 20/213