09.10.2018 |
![]() |
2018 жылғы 5 қазанда Шымкент қаласынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 10) тармақшасына, 45-бабына, 46-бабының 2-тармағына және 82-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шымкент қалалық сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде 2018 жылғы 5 қазанда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының мынадай депутаттары тіркелсін:
- 2014 жылғы 1 қазанда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды;
- 2017 жылғы 28 маусымда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров.
2. Тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарына тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
Төраға Б. Имашев
Хатшы С. Мұстафина
Астана қаласы,
2018 жылғы 9 қазан
№ 19/212