17.09.2018 |
![]() |
2018 жылғы 5 қазанға тағайындалған Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Интернет-ресурсының функционалын пайдалану регламентін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2018 жылғы 5 қазанға тағайындалған Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Интернет-ресурсының функционалын пайдалану регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулыны Шымкент қаласының аумақтық сайлау комиссиясына сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.
Төраға Б. Имашев
Секретарь С. Мұстафина
Астана қаласы,
2018 жылғы 17 қыркүйек
№ 15/207