31.07.2018 |
![]() |
Кейбір аумақтық сайлау комиссияларын құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына және «Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы» 2017 жылғы 6 ақпандағы № 418, «Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер туралы» 2018 жылғы 31 наурыздағы № 653, «Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер туралы» 2018 жылғы 5 маусымдағы № 698 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасында:
1) Алматы облысы Кеген аудандық аумақтық сайлау комиссиясы;
2) Түркістан облысы Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы;
3) Түркістан облысы Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы;
4) Астана қаласы Байқоңыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы құрылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Б. Имашев
Хатшы С. Мұстафина
Астана қаласы
2018 жылғы 26 шілде
№ 8/186