31.07.2018 |
![]() |
«Қазақстан Республикасы аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мөрлерінің үлгілері туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2015 жылғы 19 ақпандағы № 3/257 қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 6) тармақшасына және 14-бабы 6-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мөрлерінің үлгілері туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2015 жылғы 19 ақпандағы № 3/257 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасында «Алматы» деген сөзден кейін «, Шымкент» деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Облыстық сайлау комиссияларына, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының сайлау комиссияларына облыс, қала бойынша дауыс беруге арналған сайлау учаскелерінің бірыңғай нөмiрленуін белгiлесін және учаскелік сайлау комиссияларының мөрлерін тиісінше аудандар, қалалар, қаладағы аудандар бойынша бөлсін.»;
көрсетілген қаулыға № 1-қосымшада орыс тілінде өзгеріс енгізілген, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген қаулыға № 2-қосымша осы қаулыға қосымшада сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулыға № 3-қосымшада орыс тілінде өзгеріс енгізілген, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген қаулыға № 4-қосымшада орыс тілінде өзгеріс енгізілген, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген қаулыға № 5-қосымшада орыс тілінде өзгеріс енгізілген, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген қаулыға № 6-қосымшада:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыс мәслихаттары депутаттарын, Астана (Алматы, Шымкент) қаласының мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясы мөрінің үлгісі»;
4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«4. Мөрдің мәтінінде екі жиек көрсетіледі. Жиектердің арасында: сыртқы шеңбердің бойында жоғарғы жағынан бас баспа әріптерімен Arial қарпімен «Қазақстан Республикасы»; төменгі жағынан бас баспа әріптерімен Arial қарпімен « __________ облысы» немесе «Астана қаласы» («Алматы қаласы», «Шымкент қаласы»); аталған жазулардың арасында «жұлдызша» белгісі; ішкі шеңбердің бойында жоғарғы жағынан бас баспа әріптерімен Arial қарпімен «№ __ округ»; төменгі жағынан бас баспа әріптерімен Arial қарпімен «Округтік сайлау комиссиясы»; аталған жазулардың арасында «жұлдызша» белгісі бейнеленеді.»;
көрсетілген қаулыға № 7-қосымшада орыс тілінде өзгертіс енгізілген, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген қаулыға № 8-қосымшада:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мөрдің мәтінінде екі жиек көрсетіледі. Жиектердің арасында: сыртқы шеңбердің бойында жоғарғы жағынан бас баспа әріптерімен Arial қарпімен «Қазақстан Республикасы»; төменгі жағынан бас баспа әріптерімен Arial қарпімен « ___________ облысы» немесе «Астана қаласы» («Алматы қаласы», «Шымкент қаласы»); аталған жазулардың арасында «жұлдызша» белгісі; ішкі шеңбердің бойында жоғарғы жағынан бас баспа әріптерімен Arial қарпімен «№ __ учаске»; төменгі жағынан бас баспа әріптерімен Arial қарпімен «Учаскелік сайлау комиссиясы»; аталған жазулардың арасында «жұлдызша» белгісі бейнеленеді.».
2. Осы қаулы облыстық, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының сайлау комиссияларына жіберілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған мерзімнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Б. Имашев
Хатшы С. Мұстафина
Астана қаласы
2018 жылғы 26 шілде
№ 8/187