23.04.2018 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2017 жылғы 7 ақпандағы «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының уақыт тәртібін бекіту туралы» № 4/152 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комисиясының уақыт тәртібінде:
56, 65, 66, 67, 110, 112, 120 пункттерде «ішкі әкімшілендіру бөлімі» сөзін «ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі», «ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімін» сөздерімен ауыстырсын;
15 пунктті келесі редакцияда баяндасын :
«15. Сайлаулар мен референдумдарды дайындау және өткізу бойынша негізгі шаралардың Күнтізбелік жоспарларының жобалары (бұдан әрі – Күнтізбелік жоспар) сайлау процесін ұйымдастыру және Орталық сайлау комиссия мүшелерінің қызметін қамтамасыз ету бөлімімен өңделіп, Ортсайлауком аппаратының ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімімен, аппарат басшысымен, Ортсайлауком Төрағасы орынбасарымен, хатшысымен және мүшелерімен келісіледі.»;
Келесі мазмұндағы 66-1 пунктімен толықтырылсын:
«66-1. Тапсырмаларды орындауды бақылау өзімен келесі әрекеттерді қамтиды:
хаттамалық тапсырмаларды ЕСЭДО жүйесіне бақылауға қою;
хаттамалық тапсырмаларды уақтылы орындаушыға (бірлесіп орындаушыға) дейін жеткізу;
үнемі (орындалу мерзіміне байланысты, аптасына 1 реттен кем емес) орындаушыға (бірлесіп орындаушыға) тапсырмаларды орындау мерзімдері туралы ескерту;
тапсырмалардың мерзімін сақтау және орындау нәтижелеріне тұрақты сараптама жасау және тапсырмалардың кешіктіріліп немесе лайықсыз орындалғаны туралы Төрағаға жазбаша баяндама жасау;
орындалған құжаттарды бақылаудан алу.»;
келесі мазмұндағы 67-1, 67-2, 67-3, 67-4, 67-5 пункттерімен толықтырылсын:
«67-1. Тапсырмаларды орындау туралы ақпарат, жауапты орындаушылармен Төрағаға келесі мерзімдерде ұсынылады:
- бақылаудан алу туралы - тапсырманы орындау мерзімінің аяғына дейін 2 күн бұрын;
- бақылау мерзімін ұзарту бойынша - тапсырманы орындау мерзімінің аяғына дейін 5 күн бұрын.
Ұсынылған ақпараттардың дұрыстығы үшін орындаушылар жауапты.
67-2. Тапсырмаларды орындау мерзімі Төрағаның бұрыштамасында белгіленеді. Сонымен бірге бұрыштамада келесі белгілер болуы мүмкін:
«тез» - құжатты орындау мерзімі 1 күн;
«шұғыл» - құжатты орындау мерзімі 3 күн ішінде;
«жедел» - орындау мерзімі 7 күн ішінде.
67-3. Төрағаның бұрыштамасында құжатты орындау мерзімі жоқ кезде, 30 күнге тең мерзім белгіленеді.
67-4. Егер тапсырманы орындау барысында белгіленген мерзімді сақтау немесе оны толықтай орындау мүмкін болмаса, онда жауапты орындаушы қызметтік хат дайындайды (қағида бойынша, белгіленген мерзімнің бітуіне дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей), онда тапсырманың орындалу барысы туралы, уақтылы орындау мүмкін еместігінің себебі және орындау мерзімін ұзарту туралы ұсыныс көрсетіледі. Тапсырманы орындау мерзімін ұзарту туралы шешімді тек Төраға қабылдайды.
67-5. Орындаушы болмай қалған жағдайда (іссапар, демалыс, сырқат) құжат оның басшысының нұсқауы бойынша басқа орындаушыға міндетті түрде оның тегін құжаттама айналымы қызметіне хабарлап беріледі. Жауапты қызметтен босаған кезде құжаттар мен істерді акт бойынша басшыға немесе жаңадан тағайындалған қызметкерге тапсыруға міндетті.»;
Келесі мазмұндағы 68-1, 68-2, 68-3, 68-4, 64-5, 68-5, 68-6, 68-7, 68-8 пункттермен толықтырылсын:
«68-1. Орындалмаған болып мерзімі өтіп кеткен және оның орындалуы туралы ақпарат ұсынылмаған құжат саналады.
Уақытында орындалмаған болып, орындалған, бірақ белгіленген мерзімнен кеш орындалған құжат саналады
68-2. Құжаттарды орындауды, Төрағаның бұрыштамасында көрсетілген, Ортсайлаукомның қызметкері – жауапты орындаушы жүзеге асырады.
68-3. Егер тапсырманы орындау бірнеше орындаушыға тапсырылса, жауапты орындаушы болып Төрағаның бұрыштамасында бірінші болып көрсетілген қызметкер саналады (немесе ақпараттарды жинақтауды жүзеге асыратын жауапты болып белгіленген). Басқа көрсетілген қызметкерлер бірлесіп орындаушылар болып табылады.
68-4. Жауапты орындаушы міндетті:
тапсырманы орындау үшін қажетті барлық әрекеттерді жеке жүзеге асыруға (оның ішінде сауалдар жіберу, шаралар өткізу және т.б.);
құжатты алған сәттен құжаттың орындалғаны туралы жауапты жіберген сәтке және оны бақылаудан алғанға дейінгі құжаттың орындалғаны туралы жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру;
құжатты орындау бойынша бірлесіп орындаушылармен оған ақпаратты ұсыну тәртібін анықтауға және алдын ала ұсыну мерзімін белгілеуге (Төраға белгілеген мерзімнен ертерек);
құжаттың орындалу барысын және нәтижесін талдау, ол туралы Төрағаға хабарлау, оның ішінде бірлесіп орындаушылардың жұмысты мезгілсіз және жеткіліксіз сапада орындағаны, құжаттың орындалуын қиындататын басқа да факторлар туралы баяндау;
тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға жауапты болып тағайындалған Ортсайлаукомның қызметкеріне көмек көрсету және қажетті мәліметтерді ұсынуға.
68-5. Құжатты бірлесіп орындаушылар міндетті:
тапсырмаларды орындау үшін қажетті барлық әрекеттерді жоспарлау және уақтылы жүзеге асыру (сауалдар жіберу, шаралар өткізу және т.б.);
құжатты орындау үшін қажетті ақпаратты жауапты орындаушыға Төраға немесе өзі анықтаған мерзімде ұсыну;
жауапты орындаушыға ақпаратты сапалы тексеріп, уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету;
тапсырманы орындауды қиындататын факторлар туралы жауапты орындаушыны хабардар ету.
68-6. Тапсырманы орындау тәртібі бұзылған жағдайда, Төрағаның бұрыштамасына сәйкес жедел жиналыс өткізіліп, жауапты тұлғалар тыңдалады, ерекше бақылауға жататын құжаттарды орындауға бағытталған шаралар жиынтығы жасалады.
68-7. Тапсырманың уақтылы және сапалы орындалуына жауапкершілік, Төрағаның бұрыштамасында көрсетілген, Ортсайлаукомның қызметкері – жауапты орындаушыға жүктеледі.
68-8. Әрбір бірлесіп орындаушы өзіне тапсырылған бөлігі бойынша тапсырманың орындалуы туралы ұсынылған ақпараттың уақтылы және сапалы орындалуына жауапты.»;
Келесі мазмұндағы 82-1 пунктімен толықтырылсын:
« 82-1. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетел мемлекеттеріндегі сайлауларды бақылау үшін жіберу өңірлерге жетекшілік ететін ОСК мүшелері, талдау – сыртқы байланыстар және протокол, сайлау процесін ұйымдастыру және Орталық сайлау комиссия мүшелерінің қызметін қамтамасыз ету бөлімдерімен қамтамасыз етіледі.шетел мемлекеттеріне сайлауларға жіберілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының тізімі Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен бекітіледі. Жіберу тәртібі 2006 жылғы 3 қазанда Орталық сайлау комиссиясының № 74/143 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтарын жіберу қағидасымен реттеледі.»;
108 пункт келесі редакцияда баяндалсын:
«108. Өткізілген құқықтық бақылау туралы ақпарат ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөліміне құрылымдық бөлімшелермен ай сайын есепті айдың 25 – нен кешіктірілмей құқықтық бақылау өткізу кестесіне сәйкес ұсынылуы тиіс.
Егер құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ оларды жою қажет болса, тиісті құрылымдық бөлімшелер құқықтық актілердің жобасын дайындау бойынша шаралар қолданылып, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөліміне келісу үшін жолданады.»;
110 пункт келесі мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«110. Жасалған шарттар аясында көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар) туралы актілерге қызметтердің (жұмыстардың) тапсырушысы болып табылатын тиісті құрылымдық бөлімшелердің жауапты тұлғалары қол қояды.».
2. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
Төраға Б. Имашев
Хатшы С. Мұстафина
Астана қаласы
2018 жылғы 23 сәуір
№ 6/183