03.04.2018 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағының 35-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2018 жылғы 11 сәуірдегі Әзірбайжан Республикасы Президентінің сайлауына Қазақстан Республикасынан жіберілетін байқаушылардың қоса беріліп отырған тізімі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ресми баспа басылымында – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Ақпараттық бюллетенінде жариялансын.
Төраға Б. Имашев
Хатшы м.а. З. Баймолдина
Астана қаласы
2018 жылғы 03 сәуір
№ 4/181