13.02.2018 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Д.Қ. Мыңбайды тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 5, 6-тармақтарына, 98-бабына сәйкес және «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінің Саяси кеңесі Бюросының 2018 жылғы 13 ақпандағы №2 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутатының босаған мандаты «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінің мүшесі Дархан Қамзабекұлы Мыңбайға берілсін.
2. Дархан Қамзабекұлы Мыңбай Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.
3. Дархан Қамзабекұлы Мыңбайға белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
Төраға м.а. К. Петров
Хатшы С. Мұстафина
Астана қаласы
2017 жылғы 13 ақпан
№ 2/179