05.02.2018 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
М.С. Әшімбаевтың өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздердің
туындағаны туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың орнынан түсуі туралы 2018 жылғы 2 ақпандағы № 199 өтініш беруіне байланысты өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
2. Қоса беріліп отырған ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін.
Төраға Б. Имашев
Хатшы С. Мұстафина
Астана қаласы
2018 жылғы 05 ақпан
№ 1/178