27.11.2017 |
![]() |
Б.Ж. Әбдірайымның өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздердің
туындағаны туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Жарылқасынұлы Әбдірайымның орнынан түсуі туралы 2017 жылғы 23 қарашадағы № 1887 өтініш беруіне байланысты өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіздер туындады деп белгіленсін.
2. Қоса беріліп отырған ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін.
Төраға Б. Имашев
Хатшы С. Мұстафина
Астана қаласы
2017 жылғы 27 қараша
№ 26/176