13.10.2017 |
![]() |
Президентінің сайлауына тәуелсіз субъект ретінде
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы
байқауға қатысудан бас тарту туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылғы 9 тамызда қол қойылған Қырғыз Республикасының сайлау және референдумдарды өткізу жөніндегі Орталық комиссиясы мен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы арасындағы күші бар өзара түсіністік туралы Меморандум аясында 2017 жылдың 15 қазандағы Қырғыз Республикасы Президентінің сайлауына тәуелсіз субъект ретінде байқауға қатысудан бас тарту.
2. Қабылданған шешім бойынша Қырғыз Республикасының сайлау және референдумдарды өткізу жөніндегі Орталық комиссиясын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы хабардар ету.
Төраға Б. Имашев
Хатшы С. Мұстафина
Астана қаласы
2017 жылғы 13 қазан
№ 24/173