05.10.2017 |
![]() |
«Қазақстан Республикасы мәслихатының депутаты куәлігінің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 4 наурыздағы № 23/115 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы, 46-бабының 3-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы мәслихатының депутаты куәлігінің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 4 наурыздағы № 23/115 қаулысында:
қосымшасы жаңа редакцияда осы қаулының қосымшасына сай жазылсын.
2. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
Төраға Б. Имашев
Хатшы С. Мұстафина
Астана қаласы
2017 жылғы 05 қазан
№ 23/172