14.09.2017 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі Жарлықтарымен тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 542, 543, 544 Жарлықтарының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келесі депутаттары тіркелсін:
1) Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы;
2) Бекназаров Бектас Әбдіханұлы;
3) Кәлетаев Дархан Аманұлы.
2. Тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарына белгіленген куәлік және омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
Төраға Б. Имашев
Хатшы С. Мұстафина
Астана қаласы
2017 жылғы 14 қыркүйек
№ 22/171