29.08.2017 |
![]() |
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасарын сайлау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 11-бабы 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Владимир Карлович Фоос Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылсын.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясың мүшесі Константин Викторович Петров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары болып сайлансын.
Төраға Б. Имашев
Хатшы С. Мұстафина