18.07.2017 |
![]() |
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясы хатшысын сайлау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бақыт Сәрсенбайұлы Мелдешов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы хатшысы лауазымынан босатылсын.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Сапарқызы Мұстафина Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы хатшысы болып сайлансын.
Төраға Б. Имашев