14.07.2017 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 шілдедегі
Жарлықтарымен тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының депутаттарын тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 шілдедегі № 519, 520, 521, 522 Жарлықтарының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келесі депутаттары тіркелсін:
1) Айтпаева Сәуле Мұханбедианқызы;
2) Волков Владимир Васильевич;
3) Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы;
4) Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы.
2. Тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарына белгіленген куәлік және омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
Төраға Б. Имашев
Хатшы Б. Мелдешов