30.06.2017 |
![]() |
2017 жылғы 28 маусымда сайланған Қазақстан Республикасы
Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 10) тармақшасына, 45-бабына, 46-бабының 2-тармағына және 82-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде 2017 жылғы 28 маусымда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының мынадай депутаттары тіркелсін:
Ақмола облысынан – Әділбеков Дәурен Зекенұлы;
Ақтөбе облысынан – Жұмағазиев Мұхтар Сабырұлы;
Алматы облысынан – Қылышбаев Нұрлан Наурызұлы;
Атырау облысынан – Дүйсембаев Ғұмар Ислямұлы;
Батыс Қазақстан облысынан – Төреғалиев Нариман;
Жамбыл облысынан – Нұрәлиев Әбдәлі Тоқбергенұлы;
Қарағанды облысынан – Әбдікеров Рысқали;
Қостанай облысынан – Нұрғалиев Жеңіс Мирасұлы;
Қызылорда облысынан – Бақтиярұлы Мұрат;
Маңғыстау облысынан – Шелпеков Бақтыбай Ақбердіұлы;
Оңтүстік Қазақстан облысынан – Құртаев Әлімжан Сейітжанұлы;
Павлодар облысынан – Нұрсипатов Нұржан Нұрланбекұлы;
Солтүстік Қазақстан облысынан – Сұлтанов Ерік Хамзаұлы;
Шығыс Қазақстан облысынан – Мусин Дүйсенғазы Мағауияұлы;
Астана қаласынан – Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы;
Алматы қаласынан – Нүкетаева Динар Жүсіпәліқызы.
2. Тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарына тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
Төраға Б. Имашев
Хатшы Б. Мелдешов
Астана қаласы
2017 жылғы 30 маусым
№ 18/167