29.06.2017 |
![]() |
2017 жылғы 28 маусымда болған
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын
сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12, 44 пен 81-баптарына сәйкес және 2017 жылғы 28 маусымда болған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларының қоса беріліп отырған хаттамалары негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау болды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының сайланған депутаттары болып есептелсін:
Ақмола облысынан - Әділбеков Дәурен Зекенұлы;
Ақтөбе облысынан - Жұмағазиев Мұхтар Сабырұлы;
Алматы облысынан - Қылышбаев Нұрлан Наурызұлы;
Атырау облысынан - Дүйсембаев Ғұмар Ислямұлы;
Батыс Қазақстан облысынан - Төреғалиев Нариман;
Жамбыл облысынан - Нұрәлиев Әбдәлі Тоқбергенұлы;
Қарағанды облысынан - Әбдікеров Рысқали;
Қостанай облысынан - Нұрғалиев Жеңіс Мирасұлы;
Қызылорда облысынан - Бақтиярұлы Мұрат;
Маңғыстау облысынан - Шелпеков Бақтыбай Ақбердіұлы;
Оңтүстік Қазақстан облысынан - Құртаев Әлімжан Сейітжанұлы;
Павлодар облысынан - Нұрсипатов Нұржан Нұрланбекұлы;
Солтүстік Қазақстан облысынан - Сұлтанов Ерік Хамзаұлы;
Шығыс Қазақстан облысынан - Мусин Дүйсенғазы Мағауияұлы;
Астана қаласынан - Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы;
Алматы қаласынан - Нүкетаева Динар Жүсіпәліқызы.
3. 2017 жылғы 28 маусымда болған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыға қосымшаға сай жариялансын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы Б. Мелдешов
Астана қаласы
2017 жылғы 29 маусым
№ 17/166