08.06.2017 |
![]() |
2017 жылғы 28 маусымға тағайындалған
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын
сайлауға арналған сайлау бюллетеньдерін дайындау туралы
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12 және 37-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары 2017 жылғы 28 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауға арналған сайлау бюллетеньдерін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі таңдаушылардың жалпы санынан 1 процент резервті қоса дайындасын.
2. Сайлау бюллетеньдерінің қорғалу дәрежесі осы қаулыға қосымшаға сай (қызмет бабында пайдалану үшін) белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.С. Мелдешовке жүктелсін.
Төраға Б. Имашев
Хатшы Б. Мелдешов
Астана қаласы
2017 жылғы 8 маусым
№ 12/160