22.05.2017 |
![]() |
2017 жылғы 28 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауындағы шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қызметінің кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 20-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
1. 2017 жылғы 28 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауында:
1) шет мемлекеттің, халықаралық ұйымның байқаушысына, сондай-ақ шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өкіліне бір аудармашы өзінің жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде ілесіп жүре алады;
2) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі берген аккредиттеу туралы куәлігі болған кезде сайлауда байқауды жүзеге асырады деп белгіленсін.
2. Шет мемлекет, халықаралық ұйым байқаушысының қоса беріліп отырған сауалнамасының мәтіні бекітілсін.
3. Шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді жүргізу 2017 жылғы 22 маусымда аяқталсын.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне, облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
Төраға Б. Имашев
Хатшы Б. Мелдешов
Астана қаласы
2017 жылғы 22 мамыр
№ 10/158