22.05.2017 |
![]() |
2017 жылғы 28 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттарының сайлауында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:
1) бағдарламаны теледидар арқылы баяндау – 165 000 (жүз алпыс бес мың) теңге сомасында;
2) бағдарламаны радио арқылы баяндау – 70 000 (жетпіс мың) теңге сомасында;
3) баспа басылымдарында екі мақала жариялау – 125 000 (жүз жиырма бес мың) теңге сомасында;
4) кандидаттардың сайлау алдындағы көпшiлiк шараларын өткiзуге, кандидаттардың үгiт материалдарын шығаруға – 30 000 (отыз мың) теңге сомасында;
5) көліктік шығыстар: облыстар үшін – 70 000 (жетпіс мың) теңге сомасында, Астана және Алматы қалалары үшін - 30 000 (отыз мың) теңге сомасында.
2. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
3. Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары осы қаулыны тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың назарына жеткізсін.
Төраға Б. Имашев
Хатшы Б. Мелдешов
Астана қаласы
2017 жылғы 22 мамыр
№ 10/159