03.05.2017 |
![]() |
«Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі Сайлау құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 10/233 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі Сайлау құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
2014 жылғы 6 маусымдағы № 10/233 (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9572 тіркелген, «Әділет» Ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 18 шілдеде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулыға 15-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәй редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы Б. Мелдешов
Астана қаласы
2017 жылғы 18 сәуір
№ 8/156