13.03.2017 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
А.П. Рауды тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 5, 6-тармақтарына, 98-бабына сәйкес және «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Саяси кеңесі Бюросының 2017 жылғы 13 наурыздағы № 005 қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының босаған мандаты «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Альберт Павлович Рауға берілсін.
2. Альберт Павлович Рау Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.
3. Альберт Павлович Рауға белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
Төраға Б. Имашев
Хатшы Б. Мелдешов
Астана қаласы
2017 жылғы 13 наурыз
№ 6/154