28.02.2017 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
С.Ж. Сәпиевті тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 5, 6-тармақтарына, 98-бабына сәйкес және «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Саяси кеңесі Бюросының 2017 жылғы 27 ақпандағы № 003 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутатының босаған мандаты «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Серік Жұманғалиұлы Сәпиевке берілсін.
2. Серік Жұманғалиұлы Сәпиев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.
3. Серік Жұманғалиұлы Сәпиевке белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
Төраға Б. Имашев
Хатшы Б. Мелдешов
Астана қаласы,
2017 жылғы 28 ақпан
№ 5/153