19.01.2017 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А.М. Жамаловтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 3-тармағының талаптарын сақтауын тексеруді тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2017 жылғы 17 қаңтарда 365info.kz интернет-порталында жарияланған «Табысты» депутат Жамалов Қазақстан Парламентінен кетуі мүмкін» мақаласында баяндалған фактілер бойынша тексеру тағайындалсын.
2. Тексеру жүргізу Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшелері М.А. Сәрсембаев пен Л.Ж. Сүлейменге тапсырылсын.
3. Тексеру нәтижелері 2017 жылғы 24 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қарауына ұсынылсын.
Төраға Б. Имашев
Хатшы Б. Мелдешов
Астана қаласы
2017 жылғы 18 қаңтар
№ 2/148