21.01.2016 |
![]() |
Аумақтық сайлау комиссияларының
шығып қалған мүшелерінің орнына тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне және 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін:
1) Астана қалалық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Вера Прокопьевна Пытьева;
2) Алматы қалалық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Бақытжан Вильмергенұлы Доспанов;
3) Ақмола облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Геннадий Герасимович Глухов;
4) Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Гүлнәр Насанқызы Күнбаева;
5) Алматы облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Ержан Кернейұлы Кәрімов;
6) Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Асхат Қанатұлы Аймағамбетов;
7) Қостанай облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Қайырхан Маханұлы Жұмабаев;
8) Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Жәнібек Қыпышұлы Шаянбаев;
9) Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Вячеслав Анатольевич Иночкин;
10) Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Сергей Васильевич Калинин;
11) Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Копнина Светлана Валентиновна тағайындалсын.
2. Осы қаулы Астана, Алматы қалалық және Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиялары мен мәслихаттарына жіберілсін.
Төраға Қ. Тұрғанқұлов
Хатшы Б. Мелдешов
Астана қаласы
2016 жылғы 21 қаңтар
№ 4/87