21.06.2016 |
![]() |
2016 жылғы 1 шілдеге тағайындалған Алматы облысынан
шығып қалған Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының депутатын сайлауға арналған сайлау
бюллетеньдерін дайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 24 және 37-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облыстық сайлау комиссиясы 2016 жылғы 1 шілдеге тағайындалған Алматы облысынан шығып қалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлауға арналған сайлау бюллетеньдерін, таңдаушылардың жалпы санының 1 пайыз резервін қоса, саны 338 (үш жүз отыз сегіз) данада дайындасын.
2. Сайлау бюллетеньдерінің қорғалу дәрежесі осы қаулыға қосымшаға сай (қызмет бабында пайдалану үшін) белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.С. Мелдешовке жүктелсін.
Төраға Қ. Тұрғанқұлов
Хатшы Б. Мелдешов
Астана қаласы,
2016 жылғы 21 маусым
№ 38/134