17.05.2016 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Р.В. Склярдың өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздердің туындағаны туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 2, 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Р.В. Скляр туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 293 қаулысының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Роман Васильевич Склярдың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіздер туындады деп белгіленсін.
2. Қоса беріліп отырған ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін.
Төраға Қ. Тұрғанқұлов
Хатшы Б. Мелдешов
Астана қаласы
2016 жылғы 17 мамыр
№ 35/131