14.04.2016 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты
Л.М. Тұрлашовтың өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздердің
туындағаны туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 2, 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Л.М. Тұрлашовты тағайындау туралы» Алматы облысы әкімінің 2016 жылғы 13 cәуірдегі № 70-ө-ж/қ өкімінің қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Лаззат Махатұлы Тұрлашовтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіздер туындады деп белгіленсін.
2. Қоса беріліп отырған ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына енгізілсін.
Төраға Қ. Тұрғанқұлов
Хатшы Б. Мелдешов
Астана қаласы
2016 жылғы 14 сәуір
№ 32/128