31.10.2016 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты
В.Я. Бобровтың өкілеттігін тоқтату туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 5, 9-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің «В.Я. Бобров туралы» 2016 жылғы 27 қазандағы № 364 Жарлығының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Владимир Яковлевич Бобровтың өкілеттігі тоқтатылды деп белгіленсін.
Төраға м.а. В. Фоос
Хатшы Б. Мелдешов
Астана қаласы
2016 жылғы 31 қазан
№ 45/144