14.09.2016 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты
Н.М. Оразалиннің өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздердің
туындағаны туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 5, 9-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Н.М. Оразалин туралы» 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 335 Жарлығының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Мірқасымұлы Оразалиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіздер туындады деп белгіленсін.
Төраға Б. Имашев
Хатшы Б. Мелдешов
Астана қаласы
2016 жылғы 14 қыркүйек
№ 43/140