18.08.2016 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қызметтік куәлігін беру қағидалары (1-қосымша);
2) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қызметтік куәлігінің сипаттамасы (2-қосымша) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген қаулы алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін қаулы көшірмесінің баспа және электрондық түрде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.С. Мелдешовке жүктелсін.
Төраға Қ. Тұрғанкұлов
Хатшы Б. Мелдешов
Астана қаласы
2016 жылғы 8 шілде
№ 42/139