02.07.2016 |
![]() |
2016 жылғы 1 шілдеде Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлаудың қорытындыларын анықтау, жариялау және сайланған депутатты тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 9, 12, 44, 45, 46, 81 және 82-баптарына сәйкес, 2016 жылғы 1 шілдеде Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері туралы Алматы облыстық сайлау комиссиясының қоса беріліп отырған хаттамасының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлаудың мынадай қорытындылары белгіленсін:
Нұрлан Наурызұлы Қылышбаевқа 288 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан таңдаушылар дауыстарының 88,89 пайызы берілді;
Ермек Тоқтарбекұлы Мұжиқовқа 35 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан таңдаушылар дауыстарының 10,80 пайызы берілді.
2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының сайланған депутаты болып Нұрлан Наурызұлы Қылышбаев есептелсін және тіркелсін.
3. Нұрлан Наурызұлы Қылышбаевқа белгіленген үлгідегі куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау қорытындылары туралы хабар осы қаулыға қосымшаға сай бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Төраға Қ. Тұрғанқұлов
Хатшы Б. Мелдешов