21.06.2016 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
Н.З. Нығматулинді тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 5, 6-тармақтарына, 98-бабына сәйкес және «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Саяси кеңесі Бюросының 2016 жылғы 21 маусымдағы № 014 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутатының босаған мандаты «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулинге берілсін.
2. Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.
3. Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулинге белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
Төраға Қ. Тұрғанқұлов
Хатшы Б. Мелдешов
Астана қаласы
2016 жылғы 21 маусым
№ 39/135