08.06.2016 |
![]() |
Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлаудың 2016 жылғы 1 шілдеге тағайындалуына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық 1995 жылғы 28 қыркүйектегі заңы 28-бабының 3, 4, 5-тармақтарына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлаудың 2016 жылғы 1 шілдеге тағайындалуына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:
1) теледидар арқылы сөз сөйлеуге - 140 000 (жүз қырық мың) теңге сомасындағы қаражат;
2) радио арқылы сөз сөйлеуге - 65 000 (алпыс бес мың) теңге сомасындағы қаражат;
3) баспа басылымдарында екі мақала жариялауға - 120 000 (жүз жиырма мың) теңге сомасындағы қаражат;
4) таңдаушылармен кездесулер үшін үй-жайларды жалдауға - 25 000 (жиырма бес мың) теңге сомасындағы қаражат;
5) көліктік шығыстарға - 110 000 (жүз он мың) теңге сомасындағы қаражат.
2. Осы қаулы Алматы облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға м.а. В. Фоос
Хатшы Б. Мелдешов
Астана қаласы
2016 жылғы 8 маусым
№ 37/133