15.03.2016 |
![]() |
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының
омырауға тағатын белгілерінің үлгілерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 46-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының облыстық мәслихаты (1-қосымша);
2) Қазақстан Республикасының қалалық мәслихаты (2-қосымша);
3) Қазақстан Республикасының аудандық мәслихаты (3-қосымша) депутатының омырауға тағатын белгілерінің үлгілері белгіленсін.
2. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
Төраға Қ. Тұрғанқұлов
Хатшы Б. Мелдешов
Астана қаласы
2016 жылғы 14 наурыз
№ 29/125