11.03.2016 |
![]() |
2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына
және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына
халықаралық ұйым байқаушысын аккредиттеудің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2016 жылғы 10 наурыздағы № 11/755 ұсынымының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына халықаралық ұйымның байқаушысы Игорь Николаевич Морозовты аккредиттеудің күші жойылсын және оған берілген куәлік кері қайтарылып алынсын.
2. «2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттің байқаушыларын аккредиттеу туралы» 2016 жылғы
25 ақпандағы № 20/109 Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген, 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына Орталық сайлау комиссиясының жанында аккредиттелген халықаралық ұйымдар байқаушыларының тізімінде:
«1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар Миссиясы» деген бөлімде:
«39 Морозов Игорь Николаевич» деген 8-жол алынып тасталсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне, сондай-ақ облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі М.А. Сәрсембаевқа жүктелсін.
Төраға Қ. Тұрғанқұлов
Хатшы Б. Мелдешов
Астана қаласы
2016 жылғы 11 наурыз
№ 25/118