09.03.2016 |
![]() |
2016 жылғы 21 наурызға тағайындалған, Қазақстан халқы
Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті
Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы
жөніндегі сайлау бюллетені туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12 және 37-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылғы 21 наурызға тағайындалған, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша дайындалуға тиіс сайлау бюллетеньдерінің (бұдан әрі – сайлау бюллетеньдері) саны, сайлаушылар тізімдеріне енгізілген сайлаушылардың жалпы санының бір пайызы резервін қоса, 451 (төрт жүз елу бір) дананы құрайтын болып белгіленсін.
2. Сайлау бюллетенінің мәтіні осы қаулыға 1-қосымшаға сай бекітілсін.
3. Сайлау бюллетенінің қорғалу дәрежесі осы қаулыға 2-қосымшаға сай (қызмет бабында пайдалану үшін) белгіленсін.
4. Сайлау бюллетеньдерінің Астана қалалық сайлау комиссиясына 2016 жылғы 19 наурыздан кешіктірмей жеткізілуі қамтамасыз етілсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.С. Мелдешовке жүктелсін.
Төраға Қ. Тұрғанқұлов
Хатшы Б. Мелдешов
Астана қаласы
2016 жылғы 9 наурыз
№ 24/117