01.03.2016 |
![]() |
Аумақтық сайлау комиссияларының
шығып қалған мүшелерінің орнына тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін:
1) Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Гүлмира Қойқарақызы Сүйеуова;
2) Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Шаттықберген Жұмаділдәұлы Мырзабеков тағайындалсын.
2. Осы қаулы Маңғыстау облыстық және Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиялары мен мәслихаттарына жіберілсін.
Төраға Қ. Тұрғанқұлов
Хатшы Б. Мелдешов
Астана қаласы
2016 жылғы 1 наурыз
№ 21/111