17.02.2016 |
![]() |
2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша саяси партияларға және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12, 24 және 37-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сайлау комиссияларына ұсынылған сайлаушылар туралы мәліметтерге сай дайындалуға және сайлау учаскелеріне жеткізілуге тиіс сайлау бюллетеньдерінің саны, Қазақстан Республикасындағы сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы резервін қоса:
1) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша – 9889075 (тоғыз миллион сегіз жүз сексен тоғыз мың жетпіс бес) дананы;
2) Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы бойынша – 18321969 (он сегіз миллион үш жүз жиырма бір мың тоғыз жүз алпыс тоғыз) дананы құрайтын болып белгіленсін.
2. Саяси партияларға дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінің мәтіні осы қаулыға 1-қосымшаға сай бекітілсін.
3. Сайлау бюллетеньдерінің қорғалу дәрежелері осы қаулыға 2-қосым-шаға сай (қызмет бабында пайдалану үшін) белгіленсін.
4. Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары сайлау бюллетеньдерін сайлау учаскелеріне уақтылы жеткізуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.С. Мелдешовке жүктелсін.
Төраға Қ. Тұрғанқұлов
Хатшы Б. Мелдешов
Астана қаласы
2016 жылғы 17 ақпан
№ 18/106