11.02.2016 |
![]() |
«2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін дайындау жөніндегі баспаханаларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 4 ақпандағы № 10/95 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін дайындау жөніндегі баспаханаларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 4 ақпандағы № 10/95 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
төртінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«Алматы қаласы, Алматы, Атырау және Маңғыстау облыстары – «АБК+» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Алматы қаласы;»;
алтыншы абзац алып тасталсын.
2. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
Төраға Қ. Тұрғанқұлов
Хатшы Б. Мелдешов
Астана қаласы
2016 жылғы 11 ақпан
№ 15/102