10.02.2016 |
![]() |
Аумақтық сайлау комиссияларының шығып
қалған мүшелерінің орнына тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағының үшінші бөлігіне және 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін:
1) Алматы облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Тимур Ермекұлы Дәуітов;
2) Атырау облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Ғабиден Шораұлы Қанатов;
3) Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Анатолий Григорьевич Степаненко;
4) Қостанай облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Геннадий Александрович Герасимов;
5) Павлодар облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Николай Петрович Чудовский;
6) Оңтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Әмірдин Мұхиденұлы Әлішев тағайындалсын.
2. Осы қаулы Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссияларына және мәслихаттарына жіберілсін.
Төраға Қ. Тұрғанқұлов
Хатшы Б. Мелдешов
Астана қ. 2016 жылғы 10 ақпан
№ 14/100