05.02.2016 |
![]() |
Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық Партиясының
партиялық тізімін тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 89-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық Партиясының партиялық тізімі 1-қосымшаға сәйкес тіркелсін.
2. Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық Партиясының партиялық тізімі бойынша тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарға куәліктер берілсін.
3. Партиялық тізімді тіркеу туралы хабар 2-қосымшаға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
4. «Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық Партиясы» атауы сайлау бюллетеніне енгізілсін.
Төраға Қ. Тұрғанқұлов
Хатшы Б. Мелдешов
Астана қаласы
2016 жылғы 5 ақпан
№ 11/97