04.02.2016 |
![]() |
2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін дайындау
жөніндегі баспаханаларды айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12 және 37-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына сайлау бюллетеньдерін дайындау үшін мынадай баспаханалар айқындалсын:
Астана қаласы – «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Астана қаласы;
Ақмола облысы – «Көкше-Полиграфия» акционерлік қоғамы, Көкшетау қаласы;
Алматы қаласы мен Алматы облыстары – «АБК+» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Алматы қаласы;
Ақтөбе облысы – «NOBEL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Ақтөбе қаласы;
Атырау және Маңғыстау облыстары – «А-Полиграфия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Ақтөбе қаласы;
Шығыс Қазақстан облысы – «Печатное издательство – агентство «Рекламный Дайджест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Өскемен қаласы;
Жамбыл облысы – «СЕНІМ» Жамбыл баспа орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Тараз қаласы;
Батыс Қазақстан облысы – «WESTA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Орал қаласы;
Қарағанды облысы – «Типография Арко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қарағанды қаласы;
Костанай облысы – «Костанайполиграфия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қостанай қаласы;
Қызылорда облысы – «ПФ Энергопромсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қызылорда қаласы;
Павлодар облысы – «ДОМ ПЕЧАТИ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Павлодар қаласы;
Солтүстік Қазақстан облысы – «Полиграфия СК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Петропавл қаласы;
Оңтүстік Қазақстан облысы – «КІТАП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Шымкент қаласы.
2. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
Төраға Қ. Тұрғанқұлов
Хатшы Б. Мелдешов
2016 жылғы 4 ақпан № 10/95 қаулысы