01.02.2016 |
![]() |
Аумақтық сайлау комиссияларының шығып
қалған мүшелерінің орнына тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне және 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін:
1) Астана қалалық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Александр Яковлевич Шефер;
2) Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Владимир Славдиевич Пак тағайындалсын.
2. Осы қаулы Астана қалалық, Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссияларына және мәслихаттарына жіберілсін.
Төраға Қ. Тұрғанқұлов
Хатшы Б. Мелдешов
2016 жылғы 1 ақпан № 8/93 қаулысы