22.01.2016 |
![]() |
Аумақтық сайлау комиссияларының
шығып қалған мүшелерінің орнына тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне және 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін:
1) Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Жеңіс Болатұлы Сариев;
2) Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Руслан Петрович Чагай;
3) Оңтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Ольга Уахитқызы Сағымбекова тағайындалсын.
2. Осы қаулы Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиялары мен мәслихаттарына жіберілсін.
Хатшы Б. Мелдешов
2016 жылғы 22 қаңтардағы № 5/89