22.01.2016 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауындағы және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауындағы шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қызметінің кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 20-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында:
1) шет мемлекеттің, халықаралық ұйымның байқаушысына, сондай-ақ шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өкіліне бір аудармашы өзінің жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде ілесіп жүре алады;
2) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі берген аккредиттеу туралы куәлігі болған кезде сайлауда байқауды жүзеге асырады.
2. Шет мемлекет, халықаралық ұйым байқаушысының қоса беріліп отырған сауалнамасының мәтіні бекітілсін.
3. Шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді жүргізу 2016 жылғы 14 наурызда аяқталсын.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне, облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына
жіберілсін.
Төраға Қ. Тұрғанқұлов
Хатшы Б. Мелдешов